Ұйымның миссиясы

ШЖҚ “Облыстық жұқпалы аурулар ауруханасы” КМК миссиясы — халықтың денсаулығын сақтау, оның өмірінің жоғары сапасын сақтау, мүгедектікті және инфекциялық патологиядан болатын өлімді азайту мақсатында халықаралық сапа және қауіпсіздік стандарттарына сәйкес келетін озық медицина ғылымының және инфекциядағы дәлелді медицина қағидаттарының жетістіктерін пайдалана отырып, өз қызметін үздіксіз жақсарту.

ШЖҚ “Облыстық жұқпалы аурулар ауруханасы” КМК философиясы – біздің ұйымның жетістігі – мамандардың кәсіби ұжымдық жұмысы, әлемдік медицина ғылымы мен практикасының озық жетістіктерімен ұштастыра отырып, отандық медицинаның үздік дәстүрлерін сақтау және дамыту, заманауи технологиялық ресурстар, іске бейілділік, ұжымдық рух пен этика, мекеме ішінде өзара түсіністік пен сенімділік, сондай-ақ, ұйымның қоғамдағы оң имиджі және “науқастың дауысын”есту – осының бәрі көрсетілетін медициналық қызметтер сапасының жоғары деңгейін сақтауға мүмкіндік береді.

Біздің ұйымның басты мақсаты-мекеменің кадрлық және материалдық-техникалық ресурстарын оңтайлы пайдалану негізінде пациенттердің қажетті көлемдегі және тиісті сападағы медициналық көмекті (қызметтерді) алу құқығын қамтамасыз ету.

Медицина ғылымы мен практикасының жаңа жетістіктеріне сәйкес аурухананы жабдықтауды жетілдіру

Мейірбике қызметкерлері мен науқас, туыстар немесе пациенттердің заңды өкілдері арасында сенімді қарым-қатынас орнату мақсатында этикалық нормалар мен құндылықтарды қатаң сақтау.

Пациенттерге/тұтынушыларға сапалы қызмет көрсетудің және аурухананың барлық құрылымдық бөлімшелерінің сенімділігінің кепілі болып табылатын әрбір қызметкерді аттестаттау және кәсіби деңгейін арттыру.

Еңбек пен демалыстың қолайлы жағдайларын ұйымдастыру есебінен әрбір қызметкердің және тұтастай алғанда ұжымның қабілеттерін барынша іске асыруға жағдай жасау; басшылардың бастаманы, шығармашылықты және инновацияларды ынталандыруы, қолдауы және көтермелеуі.

Біз сапалы диагностикаға, пациенттерді емдеуге, емдеу нәтижелерінің уақтылы ішкі аудитіне, әр топ мүшесі түпкілікті нәтижеге жетуіне кепілдік береміз. Біз өз қызметімізді пациенттің игілігі үшін, пациенттерге және олардың туыстарына мейірімді, сыпайы, ұқыпты қарауға міндеттенеміз, сол арқылы ШЖҚ “Облыстық жұқпалы аурулар ауруханасы” КМК сенімділік қалыптастырамыз.

ШЖҚ “Облыстық жұқпалы аурулар ауруханасы” КМК әкімшілігі ұйымды басқару жүйесін тұрақты дамыту жөніндегі талаптарды орындауға және өткізілетін іс-шаралардың тиімділігін талдау, сапа саласындағы мақсаттарды қою және оларға қол жеткізу үшін негіз құруға, принципті, шешуші және бейтарап болуға міндеттенеді.

Мекеме әкімшілігі миссияны, стратегиялық мақсаттар мен міндеттерді, саясатты барлық қызметкерлердің назарына жеткізу, оларды іске асыру және дамыту үшін жауапкершілікті өз мойнына алады және нақты және объективті фактілерге негізделген шешімдерді қабылдауға міндеттенеді.

Всего комментариев: 0