Вирусты гепатиттер

Вирусты гепатиттер (бауырдың қабыну) – бұл кең тараған және адам денсаулығына өте қауіпті инфекциялық топ, олардың өзара бір – бірінен сәл айырмашылығы бар, бірақ бәріне ортақ бір белгі бір – ол ең алдымен бауырдың зақымдалуына және қабынуына әкеп соғуы. Сондықтан да бауыр қабынуының түрлерін басқаша «сары ауру» деп атайды.

Ауру көзі- ауру адам.

Берілу жолдары- фекальдық жолмен.  Яғни ауру адам нәжіс арқылы сыртқы ортаға вирустың әрі қарай таралуына жол береді.

Берілу механизмі- фекальды-оральды, алиментралы, тұрмыстық-контакт.

Ол дегеніміз- жеке бастың гигиенасын дұрыс ұстанбаған жағдайда, ластанған қолмен, айналадағы заттарды зарарлайды вируспен, оның ішінде ауыз-су, тамақ, жеміс-жидектерді зарарлау. Зараланған ауыз-суды қайнатусыз (100*С қайнату қажет, вирусты жою үшін) ,   вируспен зарарланған тамақ, жемістерді жумай, термикалық өңдеусіз қолдан жағдайда- ас қорыту жолдары арқылы вирус бауырға енеді.

Ағымына қарай- жеңіл, орташа ауыр, ауыр және  өте ауыр түрде жүру мүмкін.

Жасырын кезең 28-30 күнге дейін созылады, жасырын кезең –ол вирус ағзаға түскен сәттен, клиникалық белгілерінің пайда болған кезеңіне дейінгі уақыт. Жасырын кезең не ғұрлым қысқа болса, клиникалық көріністер айқын және ауыр түрде өтеді.

Клиникалық белглері екі кезеңнен тұрады

Сарғаю алды –ол жалпы әлсіздік, дене қызуының көтерілуі, бас ауру,тез  шаршағыштық, тамағының ауыруы, аздап құрғақ жөтел, буындарының, сүйектердің қақсап ауырсынуы болуы мүмкін.

Сарғаю   – жалпы тері жамылғыларының сарғыш түске боялуы, кіші дәреттің қоңыр, қою шәй түске боялую  және үлкен дәреттің ақшыл,сұр немесе ақ түске айналуы мүмкін, кезеңнен тұрады.

Ауыр жағдайында- бауыр клеткаларының көп мөлшерде зақымдануына байланысты бауырдың детоксикациялық қәбілеті нашарлап, мидың улануына алып келеді- бауырлық энцефалопатия өте ауыр жағдайда-комаға әкелу қаупі бар-өлімге әкеп соқтырады.

Сол себептен алдын-алу шараларын мұқият қадағалап,әсіресе кішкентай балаларға қолды дұрыс жуу керек екенін үйрету қажет. Ауруға шалдыққан жағдайда уақтысында тұрғылықты жердегі медициналық көмекке жүгіну қажет.

«Вирустық гепатит А» жұқпасының алдын алу шаралары бойынша «Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланның» 5514 әскери бөлімінде семинар жүргізілді.

Жалпы «Вирустық гепатит » жайында не білу қажет?


Жарияланды: 10.04.202309:37

Автор: