Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің басталғаны туралы хабарландыру
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығымен бекітілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес «Жетісу облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Облыстық жұқпалы аурулар ауруханасы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны 2025 жылғы 1-21 сәуір аралығында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне келесі бағыттар бойынша талдау жүргізу жоспарлануда:
1) басқарманың қызметіне қатысты нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
2) басқарманың ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бойынша ұсыныстар болған жағдайда келесі телефондарға хабарласа аласыз: 8 775 106 0 106 Ермектасов Руслан Жумабекович